ҚМДБ Уағыз-насихат бөліміне қарасты Жастар ісі секторының облыс орталықтарындағы жетекшілерімен онлайн-жиын өтті.
Жиынға ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы мен Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Рахымұлы қатысты. Басқосу барысында Жастар ісі секторының 2021 жылға арналған жылдық жоспары талқыланды.
Сектор биыл 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Олар – насихат, сауаттылық, қоғамдық жұмыстар және спорт. Осы аталған бағыттар негізінде әр айға арналған іс-шаралар жоспары жасалды.
Сонымен қатар жиын барысында жастарға жауапты мамандар жоспарға байланысты өз ұсыныс-пікірін бөлісіп, алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша сұрақтарына жауап алды. Одан бөлек Жастар ісі секторының облыстарда жаңадан тағайындалған кейбір жетекшілері де жиналысқа қатысып, өзін ұжымға таныстырды.