Қазақстандықтар саны 19 миллионға жуықтады

2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, елімізде халық саны 18 млн 852 мың адамды құрады.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ұсынған демографиялық ахуал туралы мәліметке сәйкес, халықтың 11 млн 129 мыңы немесе 59,0% – қалада, 7 млн 723 мыңы немесе 41,0% ауылда тұрады.

Қазақстан тұрғындарының 9 млн 146 мыңы немесе 48,5% – ерлер болса, 9 млн 706 мыңы немесе 51,5% – әйелдер.

«2019 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 241,7 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (62,7 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,1 мың адам) және Шымкент (36,4 мың адам) қалаларында тіркелді», – делінген ақпаратта.

Қазислам