ҚМДБ-ның төл басылымы «Мұнара» рухани-танымдық газетінің бас редакторы, журналист Серікбол Хасан БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың грантын иеленді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан дәстүр бойынша биылғы БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Өкімге қол қойған болатын. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүрген БАҚ қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шараға Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев қатысып, журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Қаламы қарымды журналист, «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Тілепбергенұлы мен барша БАҚ өкілдерін Президент марапатымен және журналистердің кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз!