Бас мүфти Сарығаш медресесінің ұстаздарын марапаттады

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысы Сарыағаш ауданына жасаған сапарында жергілікті медресе-колледждің жұмысымен танысып, жаңа құрылыс нысандарын аралады.

Медресе-колледж директоры Дінмұхаммед Сманов жаңадан бой көтерген Әбдіғаппар Шәкірұлы атындағы рухани орталықтың негізгі бағытын атап, 27 маусым күні ашуға қамданып жатырмыз деді. Құрылыс жұмыстарымен танысуға ҚМДБ Төрағасымен бірге Өзбекстан, Қырғызстанның мүфтилері де келді. Рухани орталықта 26 маусым күні қазақ күресінен дәстүрлі жарыс өтпек.

Нысандарды аралаған соң Бас мүфти жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарды алғыс хатпен марапаттады. Атап айтсақ Мавлюда Тәжібайқызына «ҚМДБ 30 жыл» мерекелі медалі берілсе, Ержан Қалжанов, Нұржамал Әбдішүкірқызы және Перизат Орынбасарқызы Бас мүфтидің алғыс хатына ие болды.

Марапаттау шарасына ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сүйерқұлұлы, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров қатысты.