Бас мүфти amin.kz ұжымына құттықтау жолдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ресми ақпараттық – танымдық сайты «amin.kz» ұжымын журналистер күнімен құттықтады.

«Имандылық пен адамгершілік құндылықтарды насихаттап, ізгіліктің жаршысы болып жүрген сіздерге, отбасыларыңызға Алланың амандығы мен берекетін тілеймін! Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге Жаратқан Жаббар Иеміз жар болғай!

Алла Тағала мерейлеріңізді үстем етіп, ізгі амалдарыңыздың сауабын еселеп жазғай» делінген құттықтауда.