Атырауда «Мәулімберген» мешіті тасаттық берді

Атырау қаласына қарасты Тасқала селолық округінде орналасқан «Мәулімберген» мешіті жауын дұғасын оқып, тасаттық берді.

«Қазіргі таңда еліміздің көптеген өңірлерінде құрғақшылық қаупі төніп тұрғаны белгілі. Осыған байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі барлық мешіттерді жаппай тасаттық беруге үндеген еді. Осы мақсатта біз шағын құрамда ауыл маңында арнайы нәпіл намазын оқып, жауын дұғасын жасадық» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.