Атырау селолық мешітіне жаңа имам тағайындалды (+ ФОТО)

Асылбек Ғұмаров Атырау селолық мешітінің имамы болып тағайындалды.

Жаңа имамды Атырау селолық мешіті ұжымына және жамағатқа Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев таныстырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын жұртшылыққа таныстырған ұстаз Арман Исаев бұған дейін мешітте ұзақ уақыт имамдық қызмет атқарған Санат Өскенбаевқа алғыс айтты.

Асылбек Ғұмаров 1979 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру ислам институтында білім алған. Ресей Федерациясына қарасты Татарстанның Қазан қаласындағы Ислам институтында білімін жетілдірген.

Әр жылдары әскер, ішкі істер бөлімінде еңбек еткен Асылбек Ғұмаров дін саласында еңбек етуге 2018 жылы келген.

2018-2020 жылдар аралығында Атырау селолық мешітінде азаншы, 2020-2022 жылдары Қызылқоға ауданындағы Бөкен би мешітінде имам, күні бүгінге дейін Атырау селолық мешітінде наиб имам қызметтерін атқарған.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.