Атырау мешіттерінде қасиетті Рамазан айына байланысты ізгілік акциялары жалғасуда.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы іске қосқан «Рамазан сыйы» қайырымдылық жобасы аясында зағип және мүмкіндігі шектеулі жандар азық-түлік пакеттерімен қамтамасыз етілді.
«Рамазан – қамқорлық айы, ізгілік, мейірім айы. Сол себепті, мүфтият «Рамазан сыйы» жобасын іске қосып отыр. Аталған жобаның жүзеге асуына тікелей атсалысып отырған кәсіпкерлерге алғысымыз зор» деп атап өтті Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.