Рамазан күнделігі: Атырау қалалық мешітінде зәм-зәм суы таратылды (+ ФОТО)

Атырау қалалық Құспан молла мешітінде ерекше сайыс өтіп, жамағатқа зәм-зәм суы таратылды.

Жамағат Пайғамбарға (с.ғ.с) салауат айтудан сынға түсті. 500 мәртеден «Субханалла», «Әлһамдулилла», «Аллаһу акбар» деп, салауат айтқан жамағатқа сый ретінде зәм-зәм сулары ұсынылды.

Ерекше сайыс барысында жамағатқа барлығы 60 литр зәм-зәм суы үлестірілді.

«Біздің мақсатымыз – жамағат арасындағы бірлікті нығайу. Достық, бауырмалдық қасиеттерін дәріптеу. Сонымен бірге, Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат айту арқылы, адамзаттың асылының өмір жолын, өнегесін дәріптеу» деп атап өтті Атырау қалалық Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров.