Атырауда Құран әліппесін аяқтаған шәкірттер марапатталды

Атырау селолық мешітінде Құран әліппесін сәтті аяқтап шыққан бір топ шәкірт марапатталды.

Шәкірттерге Құран кітаптары мен сертификаттарды мешіт имамы Санат Өскенбаев пен ауыл ақсақалдары салтанатты жағдайда табыс етті.

«Құран – мұсылман қауымның бағдаршамы. Өмірдің мәні, тұлға болып қалыптасу, сәнді де мағыналы ғұмыр кешу, жүректі таза ұстау, ілімге, білімге ұмтылу сынды өзекті дүниелердің барлығы қасиетті Құранда қамтылған. Құранның әр әрпін оқудың өзі сансыз сауапқа кенелтеді. Біздің мақсатымыз – рухани қуатты, білімді, елін сүйетін, отаншыл ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Осы ретте, қасиетті Құран бастамашы бола алады» деп атап өтті Атырау селолық мешітінің имамы Санат Өскенбаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.