Жылыойда «Мүбәрак Рамазан» семинары өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жылыой орталық мешіті ағарту саласында кешенді жобаны іске қосты.

Әйел жамағатына арнап өткен «Мүбәрак Рамазан» семинарында өзекті діни мәселелерге қатысты сұрақтарға сала мамандары жауап берді.

«Көркем мінез», «Қайырлы әрекеттер», «Сауап», «Кемел адам», «Ораза кезіндегі тәрбие» сынды тақырыптарда дәрістер оқылды.

Шара соңында семинарға белсенді қатысқан бір топ әйел жамағатына сертификаттар табысталды.

Сондай ақ, Жылыой аудандық орталық мешітінде аптаның 4 күні бойына әйел жамағатына дәріс өткізілуде. Дәріске ізденушілер офлайн форматта қатыса алады.

«Мақсатымыз – әйел жамағатына рухани азық сыйлау және діни тұрғыда ағарту» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.