Қосшағыл мешіті балаларға тосын сый жасады

Жылыой ауданы, Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлының бастамасымен, көп балалы шаңырақтарға ерекше сый жасалды.

Көп балалы 36 отбасыға аяқ киімдер табысталды. Ерекше сыйға балалардың аналары ризашылықтарын жеткізді.

«Мақсатымыз – жүрегінде иманы бар отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеп шығару. Осы ретте мешіттеріміздің үлкен тәрбие ошағы екендігін атап өтуіміз қажет. Балаларға сый жасай отырып, сапалы білім алуға, тәрбиелі болуға шақырдық» дейді Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.