Хакім Абайдың 175 жылдық мерейлі датасына орай, Абайдың қара сөздерін жатқа айтудан бәйге Атырауда алғаш рет ұйымдастырылды.
Орталық «Иманғали» мешітінде өткен бәйгеде бірінші орынды Махамбет ауданынан қатысқан Сейітжан Құжырбаев иелеген енді.
Екінші орынға Атырау қаласынан қатысқан үміткер Хасан Досболатұлы лайық деп танылды. Үшінші орын екі қатысушы арасында бөлінді.
Исатай ауданынан қатысқан Зарина Нұрғали және Атырау қаласынан қатысқан Жанаргүл Есенғазиева өзара бөлісті.
Еске сала кетелік, үш кезеңнен тұрған тартысты бәсекеге Атырау облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұхтар Ізғалиев, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы, “Атырау” телеарнасының директоры Қанат Әуесбай, Мәдениет қайраткері Қайыржан Махметұлы қазылық етті.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.