ҚМДБ – 30: Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылында ашылған «Қасым хан» мешіті ел игілігіне қызмет етуде (+ ВИДЕО)

Жергілікті «Бейбарыс» ауылы тұрғындарының бастамасымен тұрғызылған мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадан арнайы келіп қатысты.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейлі датасы аясында мүфтият тарихымызда өткен хан, сұлтан, әулие-әмбиелердің атын мешіттерге беруді ұйғардық. Қасым хан бабамыз қазақ халқының елдігінің бастауында тұрған тарихи тұлға. Біз бабамызға мешіт атын беру арқылы, жас ұрпаққа тарихи тұлғаларымыздың есімін дәріптеп отырмыз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сыйымдылығы 300 адамға шақталған мешіттің салынуына Бейбарыс ауылынан шыққан кәсіпкерлер, ауыл азаматтары, жалпы жұртшылық атсалысқан.

Еске сала кетелік, құлшылық үйі ерлерге және әйелдерге арналған намаз оқу залдарынан, Құран оқу бөлмесінен және кітапханадан тұрады. Мешіт жанында сонымен бірге, асхана, имам үйі, дәретхана бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.