Атырау: Жұлдыз мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

“Мәуліт” мерекесінің құрметіне, Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық акциясы аясында “Жусан” гуманитарлық операциясымен елге оралған 18 отбасына азық -түлік пакеттері табыс етілді.

“Қайырымдылық шараларын күшейту – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының алға қойған негізгі міндеттерінің бірі. Жақында ғана Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған “Әр аптаға – бір жақсылық” бастамасының бұл заңды жалғасы ” дейді Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің имамы Айтжан Абдиров.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.