Ысыраптың түрлері

Асыл дініміз адам баласы үшін өмір сүрудің үлгісін реттеп қойған. Тұрмыс – тіршілікте адамға керекті рухани немесе материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін белгілі бір шекті көрсете отырып, сауапты амалмен ғұмыр кешуге үндейді.

Сондай-ақ, ысырап ету мен етпеуді де ашып көрсетеді. Адам қысқа ғана өмірін мәнді мағыналы етіп өткізуді қалайды. Алайда оған бастайтын жолдарды таңдамай басқа оңай жолын көздеп жатады. Бұның бәрі білімсіздіктен болады. Мәселен үлкен күналардың қатарында тұрған, құранда аталған – ысырап ету туралы көп адамдар ойлана бермейді.

Ысыраптың түрлері мынадай көріністе болуы мүмкін:

  1. Уақытты ысырап ету – құмар ойнау, дүниелік һәм ахиреттік іске жарамсыз етіп өткізу.
  2. Денсаулықты ысырап ету – арақ ішу, темекі шегі, харам жолмен күш жұмсау.
  3. Еңбекті ысырап ету – пайдасыз іске еңбектену, мысалы ұрлық.
  4. Білімді ысырап ету – өзіне не адамдарға пайда әкелмейтін жерге жұмсау
  5. Матери ысырап – дүниелік заттарды мөлшерден тыс қолдану, мысалы артық тамақтану. 

Аталған ысырап түрлері маңыздылары болуы мүмкін жасырын түрде істелінетін ысыраптан да сақ болайық.

Дінімізде ысырап ету өте әбестік әдет. Және ысырапқорлықтың бірнеше түрін қарастырады. Мысалы жай ешқандай мақсатсыз ақ қағазды қаламмен шимайлау да ысырап. Бұл жерде төрт ысырап бар олар: қағаз, сия, уақыт, еңбек. Осы сияқты көзге көрінбейтін ысыраптан бастап үлкен ысырапқа дейін жол беріп жатамыз. Оның барлығы мән бермеушіліктен. Әлбетте құранның үкім аятында келген осы бір жаман іс сізді бақытқа жетелемеуі анық. Ендеше оны тастаған жөн болады.

Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген судың өзінде байқамайтын ысырап бар. Мысалы, таһарат алған кезде кранның суын ағызып қоятын жайттарымыз бар, ал бір қол мен екінші қолды жуғанша бір шелек су ағып кетуі мүмкін. Сондықтан осындай жағдай да абай болған жөн. Бізден басқа бір елде бір тамшы суға зәру болып отырған адамдар жетерлік. Сондықтан барынша ысырапқа жол бермесек өзімізге де қайырлы болмақ.

Құран Кәрімде былай делінеді: «Жеңдер, ішіңдер бірақ ысырап етпеңдер! Аллаһу та’ала ысырап еткендерді әлбетте жақсы көрмейді» (Араф 31) «Ысырап етпе! Ысырап еткендер шайтанның бауырлары» (Исра 26, 27)» Аяттардың мағынасы айтпаса да белгілі. Яғни Аллаһ тағала ысырапқорларды сүймейтіндігі туралы баяндап қойған. Қиямет қайымда есепке алынатынымызды әсте естен шығармағанымыз жөн.

Самат КҮБІРБАЕВ,

“Доссор мұсылмандар” мешітінің азаншысы.