Зекет: ескеретін мәселе қандай?

СҰРАҚ: Зекетті кімдер қандай жағдайда береді?

ЖАУАП: Зекет намаз секілді исламның бір тіректерінің бірі. Бұл әр байлығы «нисап» мөлшеріне жетіп, бір жыл өткеннен кейін парыз болады.


«Нисап» дегеніміз алтынмен 85г алтынның мөлшеріндей байлығының болуы. Қазір бұл 1 170 000 тг құрайды. Осыған орай кімнің осынша байлығы болса және бір жылдың көлемінде осы сома сақталып немесе көбейетін болса, жиналған байлықтың 2,5% беруі тиіс болады.
Ескерерлігі, бір жыл өту деген шарт зекеттің парыз болуы үшін. Ал, егер адам ерте берсе зекеті ретінде сақтала береді.