Сұлтан Бейбарыс мешіті Индер ауданында 100 отбасына көмек көрсетті (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 19 мамыр, 2020 жыл. Қасиетті Рамазан айының құрметіне, Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті Индер ауданында 100 отбасына азық-түліктей және 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

«Жүрек жылуы» акциясы аясында өткен қайырымдылық шарасында Индер ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылар қамтылды.

«Қасиетті Рамазан айында мүфтиятта, Атырау мешіттерінде қайырымдылық шаралар легі көптеп өтуде. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұған дейін қазіргідей сын сағатта мұқтаж жандарға көбірек қолдау көрсету керек екенін тапсырған еді. Біз біргеміз!

Ізгілік шаралары жалғасын табады» дейді Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, 100 отбасына азық түріндегі көмек және осынша отбасына 1 миллион теңге көлеміндегі қаражат үлестіріліп берілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.