Қадір түні: орталық «Иманғали» мешіті «Атырау» арнасынан тікелей эфирге шығады (ВИДЕО)

amin.kz/ 19 мамыр, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы хабарлады.

«Тікелей эфирде өтетін рухани сағат жұртшылыққа пайдалы болады деп сенеміз. Қадір түнгі дұғаларымыз қабыл болғай» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, жергілікті «Атырау» арнасының тікелей эфирінде өтетін рухани сағатты «Иманғали» мешітінің youtube желісіндегі «Иманғали» мешіті және  Инстаграм желісіндегі  @amin.kz_atyrau парақшасынан да тамашалай аласыздар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.