Жәннаттың кілті ата – ананың аяғының астында

Ата-анаға қызмет етіп, олардың разылығын алу. Хадистерде: «Ата-анасына қызмет еткен адамның өмірі ұзақ және берекелі болады».

«Дінге сай қызметтерімен ата-анасын қуантқан адам, Алланы қуантқан болады. Ал оларды ашуландырған адам, Алланы ашуландырған болады». «Ата-анасы жанында қартайғанымен (разылықтарын ала алмай) жәннатқа қол жеткізе алмаған адамдардың сағы сынсын» делінген.


Хазреті Хасан Басри Қағбаны тауаф етіп жүріп, жүк арқалаған бір кісіні көріп:
– Не үшін жүгіңмен тауаф етіп жүрсің? -дейді.
– Арқамдағы жүк емес, менің әкем. Оны Шамнан 7 мәрте арқалап әкеліп, тауаф етіп жүрмін. Себебі маған дінімді, иманымды үйретті. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі – деп жауап береді.

Сонда хазреті Хасан Басри:

– Әкеңді қияметке дейін осылай арқалап өтсең де, бір рет ренжітетін болсаң, бұл жақсылықтарыңның бәрі босқа кетеді. Егер бір рет қуантатын болсаң, осыншама қызметтердің сауабына қауышасың,- дейді.


Ата-анаға лайықты түрде құрмет көрсете білу керек, оларға қызметте кемшілікке жол бермеу керек. Хазреті Ибни Аббас: «Ата-анаңның алдында кінәлі, әлсіз, кедей бір құлдың қатал, дөрекі қожайынына деген құрметіндей бол!» деген.


Анаға құрмет және қызмет әкеден бұрын келеді. Хадистерде: «Анаға жасалған жақсылықтың сауабы екі есеге көп болады». «Бірінші анаңа, екінші әкеңе, кейін әпке-қарындасыңа, аға-ініңе, кейін ретімен қалған туыстарыңа жақсылық жаса!».

«Уәйсәл Қарани бүкіл ихсандарымен дәрежелеріне анасына жасаған жақсылықтарының себебімен қол жеткізді». «Йа Расулаллаһ! Менің анам мүшрік. Оған жақсылық жасауыма болады ма?» деп сұраған адамға пайғамбарымыз: «Иә, анаңа жақсылық жаса және оны құрметте!» деді.


Барлық пайғамбарлар өз анасынан да үстем еді. Соған қарамастан пайғамбарлар да аналарын құрметтеп, қызмет еткен. Кәпір болса да ата-анаға қызмет ету, оларды напақаларымен (тамағы, киімі, тұратын жері) қамтамасыз ету және хал-ахуалдарынан хабар алып, қонаққа барып, сыйлық беріп тұру міндет.


Мұса пайғамбар жәннаттағы көршісінің кім екенін Алла Тағаладан сұрап, оны іздеп барады. Ол қасапшы (ет сатушысы) еді. Қасапшы бір кесек етті алып, оны жақсылап пісіріп, ілулі тұрған себетті төменге түсіреді де, ішінде жатқан кәрі кемпірге пісірген етімен суын береді. Кейін үсті-басын тазалап, қайтадан себетке жатқызады.

Қасапшы: «Бұл менің анам. Қартайып осындай халге түсті. Күндіз-түні оны осылай күтіп бағамын» дейді. Сонда қасапшының анасы: “Йа Раббым! Ұлымды жәннатта Мұса пайғамбарға көрші қыл!” деген сөзін Мұса әлейһиссәләм да естиді де: “Сүйінші, Алла сені Мұса пайғамбарға көрші қылды” дейді.

Болат ӘБДУКӘРІМ,

«Әт – Тақуа» мешітінің ұстазы.