Мақтауға толық лайық болған Аллаға барша мадақ, Алланың елшісі әрі құлы мырзамыз Мұхаммедке және оның жақындарына, құрметті сахабаларына салауат-сәлемдер болғай.
Расында, исламдық тура ой – өз болмысын шарапатты Құран және сүннетке сүйеп, ақыл мен нақылға сай болған, шариғат пен ойды ұштастырып,
негіздері мен мақсаттарын «Адамдардың баршасы теңбе-тең. Араб пен араб еместің, ақ пен қараның тек тақуалықта ғана айырмашылығы бар. Баршасы Адам пайғамбардан, ал ол топырақтан», – деген негізге құралған.
Дәл осы белгілі ашық жолменен үмметіміз ұзақ ғасырлар бойы өмір сүруін, адасқан ағымдар келіп өз нәпсілеріне еруге және қыңырлық пен бөлінуге құмар болуға құралған діни қате түсініктерімен Исламды сынамайынша жалғасқан еді. Артынша олар қарсыласына қаттылықпен, өздерін жоғары көріп тілдесуімен қоймай, өзгеге ергежейлі ретінде қарап, өзін құдды бір жалғыз алып секілді санап, Алланың, Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалауын шариғи (уахи) мәтіндерден білетін жалғыз өзідері сынды санады.
Әу бастан-ақ, қараңғылықтан бас көтермеген бұндай жат ағымдар еш кінәсі жоқ мұсылмандардың қанын төгуді ұйғарып, мемлекеттік құрылымдарға зиян тигізіп, қоғам тыныштығына қол сұғуларымен қоймай отанды құрдымға тартумен танымал болып келуде…
Ғасырымызда, жоғарыда аталған сипаттарға ие болған бір топ ағым иелері, өзгені дінсіздікпен айыптауды жалау еткен, үлкен күнәға бойалдырған кісіні дінсіздікпен айыптап, алдынғы хауариждер сынды, шариғатпен үкім етпегенді, өздерінің билігін қабылдамағандарды, өздеріне қарсы келіп, топтарынан шыққандарды дінсіз, қаны адал деген болатын.
Аталмыш сипаттармен қоса, Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) еліктеп, Меккеден Медине қаласына хижрет етуін яғни көшуін мысалға алып, өз елінде күші аз болса, өзге діндар елге көшуді міндет санайтын, діни сенімге ие ағым әт-Такфир уа әл-Хижра деп аталады.
1965 жылы мысыр елінің түрмелерінен бастау алған бұл жамағаттың басшысы «Мұсылмандар жамағаты» аты есіммен танылған топқа мүше болып жүріп жасырын түрде өз ұйымын ашқандығын жария ете отырып өзін басшы, момындардың әміршісі деп жариялап оған серт берілген кісі Шукри Ахмад Мустафа еді.
Бұл ұйым, жер бетіне бүлік жайып, үстіндегі адамзатқа соғыс ашуды өздеріне міндет санайды және осы істерінің себебін: «жаңа соғыс құралдары таусылып, соғысты бұрынғыдай қылыш, найзалармен жүргізетіндей дәрежеге келтіру», – деп айтады. Осы ойларымен қалалар мен елдімекендер де бүлік жайылып, ел-жұртқа зиянын тигізді. Бүліктерінің ең көзге түсері Египеттің бұрынғы Дін істері министрі Доктор Мұхаммед Хусейн әз-Заһабиге жасаған қастандықтары еді. Артынша жүздеген адамдар тұтқынға түсіп, бес адамға өлім жазасы кесілген болатын. Араларында басшылары Шукри Мустафа да бер еді.
Құрметті тындармандар! Өздеріңізге белгілі болғандай, өзге адамды дінсіздікпен, күнәхарлықпен, адасумен, жолдан таиумен, екіжүзділікпен айыптау үлкен іс және алпауыт қиындық, күнгірт жамандық. Жүректерді қақ айырып, адам жандарын шошытқан, талай адамдарды адастырып, ойларын ластап, қоғам одан ұзақ уақыт азап шеккен, артынша осы жаман ағымнан қан төгулер болып, діндегі үлкен қылмыс болып, Алланың шариғатына ластық жаққан.
Егерде дінсіздікпен айыптау көптің аузында болса, еш күмәнсіз қоғамның ішінде тоқтамайтын бүлік, алдында еш тіріні қалдырмайтын қаттылыққа және өзара бөлінуге апарады. Өзгені «дінсіздікпен айыптау» әсілінде басқа шариғи үкімдер секілді шариғи үкім. Тиісінше, ол үкімдер тек шариғи дәлелдерлен шығуы керек. Өз қалауымен, не оймен ол іске кірісуге жол жоқ! Ешбір мұсылманға не жамағатқа жекелей діндар бауырын не бір қоғамды дінсіздікпен айыптауына ақысы жоқ. Дінде білімі қаншалықты биіктеген болса да үкім шығару жекелеген адамдардың ісі емес, керсінше бұл істі адамдар үстіне үкім етуге арнайы құралған құрылымдар мен қазылардың міндеті.
Ал, қоғамды «надандықдықпен» (жахілдікпен) шектеусіз сипаттау, айыптау артында оларда дінсіздікпен айыптау тұрады. Себебі, «жахілдік» Құранның сөздігінде: «дұрыс дін жойылып, пұтқа табыну мен Аллаға серік қосу таралған уақытқа» айтылады. Исламның келуімен бұл сөзді қоғамға қолдану тоқтаған еді. Дәлел ретінде имам Бухари, имам Муслим риуаят еткен хадисте: «Хузайфа ибн Иман (Алла оған разы болсын) Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында біз жахилетте және жамандықта болдық. Артынша Алла бізге осы жақсылықты (Исламды) әкелді. Осы жақсылықтан соң жамандық бар ма?», – деп сұрады. Сахаби Хузайфа ибн Иманның «жахілдік» сөзін жамандық сөзімен қосып ислам алдынғы уақытқа істкеткенінен «жахилдік» уақыты діннен алдынғы дінсіздік заманына арналған сөз екеніне анық дәлел көреміз.
Ал өзге елге көшу, яғни, Меккеден Мадинаға көшу ісіне құралған «хижрет ету» тақырыбына келер болсақ, дінді түсінбеу мен білімсіздікке сүйенген ой екені анық! Себебі ол кезде діннен шығуға мәжбүрлеу мен адам өміріне қатер бар еді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккені ашқаннан соң: «Ашылудан соң (Меккені алудан соң) хижрет жоқ. Алайда, күресу мен ниет бар», – деген. Міне осы хадиске көз салсақ жаппай көшу яғни хижрет ету Меккенің ашылуынан алдынғы белгілі бір уақытта қатысты болып, кейін тоқтатылғаныа анық дәлел бар. Және Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеде, ел арасында тыныштық орнаған соң хижрет етуді мәңгіге тиған болатын.
Құрметті тындарман қауым! Сөзімнің соңында, надандық пен діни сауатсыздыққа қарсы болатын Алладан және Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген дұрыс пайдалы ілімге ден қойуға ашық шақырамын. Себебі, надандық және діни сауатсыздық адасқан діни ағымдардың ойлары ашық жайылатын ынғайлы орта болып табылады.
Әрбір шариғат ғалымдарын, тақуа басшыларды, ойы ашық ойшылдарды өзіне жүктелген тапсырманы құба-құп орындауды аманат ретінде қарауға, мойынынан жүкті ескерту ретінде, жұмсақтықпен, мейірімділікпен, бағыт-бағдар, тәрбие берумен орындауларыңызға шақырамын. Дұға қылуда.
Иасир Ахмад Мурси Сутухи,
Әл – Азһар университетінің докторы, Қазақстанда орналасқан Хусамуд-дин ас-Сығанақи институтының мұғалімі, доктор