Жылыой аудандық орталық мешіті 40 балаға сый-сияпат таратты.
Балаларды халықаралық төл мерекемен құттықтаған Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев балаларды білімді болуға шақырды.
«Кезінде Ыбырай Алтынсарин бабамыз «Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық» деген еді. Білім алу, іздену, алға ұмтылу – парыз. Алаңсыз балалық шақтан бастап, биік мақсат қойып, соған жетуге ұмтылған жөн» деді Жасұлан имам Қағазғалиев.
Имам балаларды қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихына қатысты еңбектерді көбірек оқуға шақырды.