Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті жамағатқа демалыс кешін ұйымдастырды

Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті жамағаты үшін демалыс кешін ұйымдастырды.

Рухани кеште жамағат бірлігі, қоғам тұрақтылығы туралы насихаттар айтылып, викториналық сауалдар қойылды.

Және спорттық ойындардан жарыстар өтті.

«Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады»,
 – дейді қазақ аталарымыз. Расымен бірлік болмаған елде тыныштық та, береке де, бақ та кетері анық. Ал тыныштығы қашқан бірлігі жоқ елді жау оңай алары сөзсіз. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ауызбіршілікпен атқарған әрбір жұмысқа, Алла берекесін берері анық» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.