Атырауда орталық мешітте қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде мамыр айында 20 отбасына ет таратылды.

Қайырымдылық шарасы әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды қамтыды.

Ет тарату, азық-түлік үлестіру, киім-кешек беру сынды қайырымдылық шаралары орталық мешітте аптасына бірнеше рет үздіксіз жүргізіліп отырады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін орталық мешіт жанынан Қайырымдылық мекемесі жұмыс істеп келеді.