Атырауда Алмалы округінің әкімі Медет мешітінің имамын қабылдады

Атырау қаласына қарасты Алмалы округінің әкімі Гүлшат Аухадиева Медет мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлын қабылдады.

Кездесу барысында тараптар діни ахуал, ұрпақ тәрбиесі, қоғам тұрақтылығы тақырыптарында сұхбаттасты.

Медет мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлы мешітте атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында тараптар бірқатар ортақ уағдаластықтарға қол жеткізді.