Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жазғы сауат ашу лагерінде білім алып жатқан шәкірттердің ата-аналарымен кездесті.
Жазғы сауат ашу курстарының мақсаты, оқу бағдарламасы туралы ақпарат берген Алтынбек Ұтысханұлы бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі туралы айтып өтті.
«Балаға дұрыс тәрбие беру – өте маңызды. Бала тәрбиесі қалай болуы керек?
Халқымызда керемет сөз бар.
«Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт
Бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса,
Он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас» дейді халқымыз. Балаға жастайынан дұрыс тәрбие беріп, бағыт көрсеткен тиімді. Ата-ана ретінде балаға бағыт сілтеп, жазғы лагерьге сенім артып жібергендеріңіз үшін алғыс айтамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.