Жылыой ауданында «Дін мен дәстүр» кітабы негізінде интеллектуалды сайыс өтті.

Шараның мақсаты — ұлттық және діни құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлт руханиятын терең тануға жол ашу болды.

Сайысты ауданның бас имамы Думан Мұратұлы ашып, қатысушыларға ізгі тілегін білдіріп, дін мен дәстүр сабақтастығының маңызына тоқталды. Сондай-ақ, Иманғали орталық мешітінің наиб имамы Қанағат Қалыбайұлы рухани мазмұндағы насихат айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білім мен ой жарысында озық шыққандар:
🏆 Бас жүлдеАрқат Ермеков
🥇 І орынЖасұлан Зейноллаұлы
🥈 ІІ орынСатыбалды Тағашев
🥉 ІІІ орынНұрдаулет Гайдарұлы

Бұл сайыс жас буынның имани дүниетанымын қалыптастыруға және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.