Жылыой аудандық орталық мешіті ауыр науқасқа шалдыққан Құлсары қаласының тұрғынына қаржылай көмек көрсетті.
Қаражатты жинауға имамдар және мешіт жамағаты атсалысты.
Есімдерін атамауды өтінген отбасына мешіт атынан 700 мың теңге көлемінде қаржы табыс етілді.
«Мешіттерімізде қайырымдылық шарасы түрлі бағыттарда ұйымдастырылып тұрады. Азық-түлік, киім-кешек таратумен бірге, науқастанып жатқан бауырларымыздың еміне де көмек көрсетіліп келеді. Бұл бағыттағы игілік шаралары жалғасады» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.