Алтынбек Ұтысханұлы бір топ шәкірттерді марапаттады (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінде екі айға жуық уақыт дәріс алған шәкірттерге алғыс айтты.

Салтанатты шара барысында орталық мешітте дәріс алған 50 ер бала марапатталды.

Жас шәкірттерге сертификат және сыйлықтар табыс еткен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы балғындарға ризашылығын жеткізді.

«Жазғы демалыс уақытын білім алуға жұмсаған сіздерге Алла разы болсын. Білім – инемен құдық қазғанмен тең. Алған білімдеріңіз қайырлы болсын. Сіздердей жас ұландардан Отанды сүйетін, қадірлейтін, елге қызмет ететін ұрпақ өсіп шығарына сенемін» деді Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.