Жаңа Қаратон мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Жылыой ауданына қарасты  Жаңа Қаратон кентінде орналасқан Нұрқас Сатыбалды мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті.

Бұл жолы 10 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері таратылды.

«Іс-шара әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды. Бұл бағыттағы шаралар жалғасады. Мешітмізге қолдау білдіріп, қайырымдылық жәшігіне салым салып жүрген азаматтарға Алла разы болсын» дейді ұйымдастырушылар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.