Атырауда «Мәулімберген» мешіті жас шәкірттерге құрмет көрсетті (+ ФОТО)

Атырау қаласы, Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде жазғы лагерьді 40 шәкірт аяқтады.

Екі ай бойына мешіт ұстаздарынан дәріс алған шәкірттерге «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов сертификаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Жазғы сауат ашу курсына 20 ер бала, 20 қыз бала қатысты. Шәкірттерге Ырысбек Мұхит, Нұрбек Нұрболатұлы, Ардақ Сайынқызы дәріс берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.