Жылыойда Жаңа – Қаратон кентінде қайырымдылық шарасы өтті

Жылыой ауданына қарасты Жаңа-Қаратон кентінің “Нұрқас Сатыбалды” мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті.

Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен 8 отбасына азық-түлік таратылды.

«Садақа беру арқылы, адам жүрегінде мейрімділікті оятады, нәпсіні тәрбиелеуді үйренеді, әрі мал дүниесімен жүрегін тазалайды. Ізгілік шарасына 150 мың тенге жұмсалды. Жаңа-Қаратон кентінің салымшыларына Алла разы болсын» дейді ұйымдастырушылар.