Атырауда Қаңтар оқиғасының құрбандарына дұға бағышталды

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде «Қаңтар оқиғасы» кезінде қаза тапқандардың рухына Құран аятын бағыштады.

«Алла Тағала осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлегей!»,-деді мешіт ұстазы, орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев.

Сонымен қатар, намаз алдында «Қаңтар оқиғасында» қаза болғандардың рухына Құран бағышталып, Құран Хатым дұғасы жасалды.