Былтыр Атырауда орталық мешіт жанынан радио, шәкірттерге арналған жатақхана ашылды

Өткен жылы Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Құран жаттау және діни сауат ашу орталығына қарасты жатақхана пайдалануға берілді.

30 орындық жатақханада шәкірттердің алаңсыз білім алуына қолайлы жағдай жасалған.

Сонымен бірге, өткен жылы орталық «Иманғали» мешіті жанынан «Azan» радиосы ашылды. Тәулігіне 24 сағат хабар тарататын интернет радиода қонақ дәріс, сұхбаттар, түрлі бағытта танымдық хабарлар таратылуда.