Жылыойда имамдар ҚМДБ бекіткен жоспарды талқылады (+ ФОТО)

Атырау облысы имамдарының 2025 жылға арналған алқалы жиыны Жылыой ауданында өтті.

Жиында ҚМДБ бекіткен “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында атқарылатын іс-шаралар, негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс жоспары талқыланды.

Біз жыл сайын ауқымды деңгейде жұмыстар атқарамыз. Биылғы жылы да негізгі бағытымыз бойынша асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау, қайырымдылық, ағарту, тарихи сананы жаңғырту мәселелеріне қатысты жоспарлар үлкен. Сондай-ақ, әр ай сайын әр ауданда дәл осы форматта бас қосып, жұмыстарымызды пысықтап тұратын боламыз. Сонда ғана жүйелі әрі нақты жұмыстар жүргізіліп, есептеріміз уақытылы жіберіледі деген ойдамын. Ең бастысы, ісіміз Алланың ризалығы үшін екенін ұмытпауымыз керек,-деп атап өтті облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Жиын соңында Алтынбек Ұтысханұлы облыс имамдарына нақты тапсырмалар берді.