Жылыойда имамдар мен жамағат арасында зияткерлік сайыс өтті.
Сайыс барысында қатысушылар тарих, дін мен діл, руханият тақырыптарындағы сұрақтарға жауап берді. Өзара ынтымақтастық пен бірлікті нығайту мақсатымен өткізілген білім бәйгесі жоғары деңгейде болды.
Сайыс қорытындысымен жеңімпаздар марапатталады.
3 орын – «87 мырзалары» тобы
2 орын – «Ықылас» тобы
1 орын – «Ақкиізтоғай» тобы
Бас жүлде кіші қажылық жолдамасы «Есенгелді Нұршайұлы» мешітінің имамы Қанапия Орынбаев имамға бұйырды.
Жеңімпаздарды Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құттықтап, марапаттарды табыс етті.

















