Әрбір істе тақуалықты ұстанудың маңызы

     Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген мағыналарды білдіреді.

Ал шариғи мағынасын айтар болсақ, тақуалықтың түпкі мәні мен мағынасы: күнәлі істерден сақтану, ұятты амалдан алыс болу, Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау… Демек, шариғатқа сай өмір сүру – тақуалықтың белгісі. 

     Ұстазы шәкірттеріне: кімнің әкесі қандай кәсіп қылған болса, сол істі үйренсін және сол істе тақуалық ұстансын депті, тапсырма осы. Бала үйіне келіп анасына әкем қандай кәсіп еткен десе, анасы әй балам оны қайтейін деп едің әкеңде қайтыс болып кетті, сен басқа жұмыс істей бер сол ісіңе береке берсін дейді. Бала жоқ анашым ұстаз бізге осындай тапсырма берген оны орындау керек деп тұрып алады. Анасы да амал жоқ айтуға мәжбүр болады, әкең ұры болған дейді. Бала ішінен амал жоқ ұстаз айтты істеу керек енді осы істе тақуалық қыламыз депті. 

      Сосын ұрлықтың қыр-сырын меңгере бастайды. Сүйтіп бірінші ұрлығына шығып көршінің үйіне кірейін десе ұстазының сөзі есіне түсіп түседі, көршінің үйіне ұрлыққа түсу тақуалыққа жатпайды. Келесі үйге кірейін десе ол жетімдердің үйі екен, қой бұлда болмайды деп қаншама үйге әртүрлі себептермен кіре алмайды. Солай жүріп бір байдың үйіне тоқтайды, енді осыған кірсем болатын шығар деп соған кіреді. Барша есеп-қисап қағаздарының бәрін қарап шығып осы бай зекет береме екен деген ой келеді, кел мен осыны есептеп көрейін деп соған кірісіп кетеді. Сондағы баланың ойы зекет берген болса дүниеге тиіспеу, бермеген болса ұрлық жасау. Есептеп қараса бай 6 жылдық зекетін бермеген екен.

Сүйтіп жұргенде таң намазының азаны айтылып жатыр екен, таң намазын қалдырып қою тақуалыққа жатпайды алдымен намазды оқып алайын деп дәрет алуға кіріседі. Дәрет алып жатса жаңағы бай да дәрет алуға шығады, қараса біреу дәрет алып жатыр. Сен кімсің деген сұрағына алдымен намаз оқып алайық сосын танысамыз деген жауап алады.

Үйдің иесі сіз деп имамдыққа шығарып қойыпты. Намаздан кейін балам сен кімсің қайдан жүрген адамсың десе ұрымын депті. Бірақ мән жайдың бәрін түсіндіріп беріпті. Жағдайды түсінген бай балаға кішкене күте тұр деп қызын алып шығады да сен менің қызымды ал, анаңмен біздің үйге көшіп кел және маған есепші бол деп баланы алып қалыпты. 

      Енді осы оқиғадан түйін, алатын ғибраттар: 

     1- Адам тақуалық қылса Алла оны жамандықтан қорғайды. Ұрлыққа кірген баланың өзін әдемі түрде сол жағдайдан алып шықты.

     2- Бәріне пайдалы қылды. Бай бермеген зекетін берді, балаға да еш күнәсіз отбасылы қылды және адал жұмысты болды. 

  Қорыта айтқанда, тақуа пенде мол сауапқа кенеледі, ол екі дүниеде де игілікке бөленеді, тақуа адамның дұғасы әрдайым қабыл болады, тақуалық – күнәлардың кешірілуіне себепші болады.

 Алла баршамыздың тақуалығымызды арттырсын!

Абдукарим БОЛАТ,

Әт – Тақуа мешітінің ұстазы. Атырау қаласы.