Атырауда орталық мешіт карантин жағдайындағы Құрбан Айт туралы фильм түсірді (+ ВИДЕО)

Пандемияға байланысты, Қазақстан биыл да Құрбан Айт мерекесін карантин жағдайында атап өтуге мәжбүр.

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті ұсынған қысқа метражды фильмде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұсынған онлайн платформа – Qurban2021 сайты арқылы, құрбандықты қашықтықтан салу мәселесі көтеріледі.

Басты рөлді елімізге белгілі актер Нұрбек Мадиев сомдаған фильмнің режиссері, қоюшы операторы Асхат Тантаев.