Жылыой мешіті 1700 бүлдіршінге айттық тарту етті (+ ВИДЕО)

Қасиетті Құрбан Айт мерекесінің құрметіне, Жылыой аудандық орталық мешіті бүлдіршіндерге сый жасады.

Барлығы 1700 сәбиге үлестірілген мерекелік тосын сый ашық аспан астында, санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

«Құлсары қаласында өткен бұл шара – жас ұрпақ үшін ұйымдастырылған әрі мерекелік, әрі тәрбиелік іс шара. Құрбан Айттың ізгілікке, жылулыққа толы мереке екендігін жас ұрпақ білуі керек» дейді Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев.

Еске сала кетелік, қасиетті Құрбан айт мерекесі 20 шілде күні басталды. Құрбан шалу 21, 22 шілде күндері жалғасады.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.