Атырау: Құспан молла мешіті 400 бүлдіршінді Құрбан айтпен құттықтады (+ ВИДЕО)

Атырау қалалық Құспан молла мешіті Құрбан айттың құрметіне 400 балаға сыйлық үлестірді.

«Жас ұрпаққа Құрбан айттың жақсылыққа, ізгілікке. қуанышқа толы мереке екендігін сезіндіру мақсатында сыйлықтар үлестіріп отырмыз. Алла шалған құрбандығымызды, жақсы амалдарымызды қабыл еткей!» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамы Эммат Ғұмаров.