Мүфтият іске қосқан «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында, Атырауда бір жылда 18 үй берілді.
Аталған мақсатта барлығы 90 миллион 950 мың теңге қаражат жұмсалды. Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қала және аудан имамдарының орталық «Иманғали» мешітінде берген жылдық есебі барысында айтты.
Еске сала кетелік, жуырда Атырау облысының имамдары орталық «Иманғали» мешітінде атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп берді. Жиын соңында уағыз-насихат, онлайн дәріс, қайырымдылық және оңалту бағытында нәтижелі жұмыс атқарған имамдар марапатталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.