Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті 100 адамға ауызашар қоржындарын үлестірді.
Карантин талаптарын сақтау мақсатында ауызашар қоржындары аналарға, ауыз бекіткендерге ашық аспан астында таратылды, жасы үлкен кісілердің үйлеріне жеткізілді.
«Осынау игі шараға атсалысқан жомарт азаматтарға Алладан аманшылық тілейміз. Ауыз бекіткен адамға бір құрма берсек те, оның сауабын Алла береді. Игі істеріміз, ниетіміз қабыл болғай» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.