Рамазан: Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде 300 отбасына азық-түлік таратылды (+ ВИДЕО)

Бұл Рамазан айы басталғалы бері облыс мешіттерінде жасалып отырған 50-ші қайырымдылық шара.

CCC компаниясының демеушілігімен орталық «Иманғали» мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті.

Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылар қамтылды.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Берекелі Рамазан» жобасы аясында Атыраудың орталық мешітінде 7-ші мәрте акция өтіп отыр. Бұл облыс мешіттеріндегі 50-ші акция. Демеушілерге алғысымыз зор» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Сондай ақ, ССС компаниясы облыстың дін қызметкерлеріне 50 мың теңгеден қаржылай сыйақы берілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.