«Мәулімберген» мешітінде тазалық жұмыстары жүруде

Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан «Мәулімберген» мешітінде ағаштардың түптері қопсытылып, әктелді.

Және мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Рамазан – рухани кемелдену айы. Сонымен бірге, тазалықтың айы. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген тамаша тәмсіл де бар. Мешітіміздің айналасын жасыл желектендіру арқылы, игі бастамамызбен көпшілікке үлгі көрсеткіміз келеді» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.


Еске сала кетелік, бұған дейін облыс мешіттерінде 350 түп жеміс ағашы отырғызылғанын хабарлаған едік.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.