Атырау: «Иманғали» мешітінде 6,5 тонна азық-түлік таратылды (+ ВИДЕО)

«Берекелі Рамазан» жобасы аясында Атырау орталық «Иманғали» мешітінде бір мезгілде 470 мұқтаж отбасына азық-түлік себеттері таратылды. Акцияға «ССС» компаниясы демеушілік етті.

«Рамазан айы басталғалы бері облыс мешіттерінде жан-жақты қайырымдылық шаралары өткізіліп келеді. Бұл жолы 470 отбасының қуануына «ССС» компаниясы себепкер болды. Карантин талаптарын сақтай отырып, осындай игі шараларды жалғастыратын боламыз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.