АТЫРАУДА ҚҰСПАН МОЛЛА МЕШІТІНІҢ 70 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ

Атыраудағы тарихи «Құспан молла» мешітінің 70 жылдық мерейтойына орай республикалық Құран жарысы ұйымдастырылды. Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 50-ге жуық қари қатысып, өзара бақ сынады.

Шараның ашылу салтанатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров игі тілегін білдірді. Сонымен қатар ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметов, Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы және Құспан молланың ұрпағы Сәбит Құспанұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Құран сайысы Құран Кәрімді мәнерлеп оқу, сондай-ақ Құранның 10, 20 және 30 парасын жатқа айту номинациялары бойынша өтті.

Байқауға елімізге белгілі қарилар қазылық етті. Атап айтқанда, ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметов, Астана қаласындағы Республикалық бас мешіттің азаншы-ұстазы Шыңғыс қари Сәдуов және Еркебұлан қари Жақсылықов қатысушылардың білім деңгейі мен оқу мәнерін бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Нәтижесінде мәнерлеп оқу бойынша:
🥇 І орын – Мадияр Асхатұлы- (Атырау облысы)
🥈 ІІ орын – Омар Махмуджанұлы-(Түркістан облысы)
🥉 ІІІ орын – Фердаус Ержанұлы-(Атырау облысы)

10 пара бойынша:
🥇 І орын – Нұрислам Мамырханұлы-(Шымкент қаласы)
🥈 ІІ орын – Махмуджан Рахимжанұлы-(Түркістан облысы)
🥉 ІІІ орын – Асадбек Мұратұлы-(Атырау облысы)

20 пара бойынша:
🥇 І орын – Нурифат Нұрахметұлы-(Алматы облысы)
🥈 ІІ орын – Айқын Ақылбекұлы-(Маңғыстау облысы)
🥉 ІІІ орын – Махмуд Жолдасұлы-(Түркістан облысы)

30 пара, яғни Құранды толық жаттау бойынша:
🥇 І орын – Қуаныш Нұрланұлы-(Қарағанды облысы, Теміртау қаласы)
🥈 ІІ орын – Диас Сұлтанханұлы-(Түркістан облысы)
🥉 ІІІ орын – Ахмад Ражабұлы-(Қарағанды облысы)

Жүлделі І орын иегерлері алдағы республикалық Құран жарыстарында өңір намысын қорғайтын болады.

Сайыс соңында Құспан молла ұрпақтарының демеушілігімен жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар және қаржылай сыйақылар табысталды.

Сондай-ақ мерейтой аясында аталған мешітте әр жылдары қызмет атқарған ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетіліп, арнайы алғыс білдірілді.

Құран – мұсылманның рухани шамшырағы. Осындай игі шаралар қасиетті кітапқа деген құрметті арттырып, жас қарилардың білімін шыңдауға зор мүмкіндік береді.