Атырау: «Иманғали» мешіті 500 адамға ауызашар таратты (+ ВИДЕО)

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орталық «Иманғали» мешіті дәрігерлерге, төтенше жағдай саласы мамандарына және көше тазалықшыларына ауызашар қоржындарын таратты.

«Берекелі Рамазан – ізгіліктің, қайырымдылықтың, бауырмалдықтың айы. Біз бұл айда адамның саулығы, амандығы үшін және қаламыздың көркі үшін аянбай тер төгіп жүрген маман иелеріне құрмет көрсеттік» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.