“Берекелі Рамазан” жобасы аясында Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті 100 отбасына азық-түлікпен қолдау көрсетті.
Бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері негізінен көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға таратылды.
Карантин талаптарын сақтау мақсатында, азық-түлік пакеттері мұқтаж отбасылардың үйді-үйлеріне жастар, еріктілер арқылы жеткізілді.
“Қасиетті Рамазандағы әр игі ісімізді Алла сауаптан жазғай. Ізгі шаралар жалғасады” дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.