Рамазан: Мақат орталық мешіті 50 адамға ауызашар таратты (+ ФОТО)

Карантин талаптарын сақтау мақсатында, ауызашар қоржындары Мақат кентінің көшелерінде, яғни, ашық аспан астында таратылды.

Мақат орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен ізгілік акциясын жергілікті тұрғындар жылы қабылдады.

«Қасиетті Рамазан – берекенің, бірліктің айы. Бұл айда жасалатын әр ізгі амалдың сауабын бір Алланың өзі ғана береді. Бастысы, санитарлық – эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігіне қарамастан, қайырымдылық акцияларымызды қашықтықтан болса да ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Еліміз аман болсын» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.