Атырау облысы орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық орталығының ұйымдастыруымен 25 ерекше балаға жаңа киім-кешектер табыс етілді.
Махамбет ауданы орталығындағы №2 арнайы мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан балаларға киім-кешектерді «Иманғали» мешітінің өкілдері жеткізіп тастады.
«Ата-бабаларымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті жұмысында 5 бағытқа басымдық береді. Соның бірі – уақып және қайырымдылық бағыты. Біз қашан да өз мүмкіндіктеріміз аясында азаматтарымызға көмек беруге дайынбыз. Алла баршамызға жар болсын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.